Мереке

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Ақтөбе облысының депутаттары мен мәслихат аппараты сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Журналистика ежелгі кәсіптердің бірі деп бекер айтылмаған, себебі адамзат ерте заманнан бастап қоғамда болып жатқан жаңалықтарды білуге, ақпараттардан хабардар болуға ұмтылған.

Бүгінде жедел ақпараттар ағынына айналған ғаламтор желісі өмірімізге дендеп енгенімен, шынайы да, нақты ақпарат көзі ретінде баспа басылымдары мен олардың электронды нұсқаларының рөлі жоғары.

Журналистер оқырманына, көрермені мен тыңдарманына шынайы ақпарат таратуы үшін уақытпен санаспай еңбек етеді.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қиын да қызықты кәсіптеріңіздің берекелі болуына тілектестігімізді білдіреміз. Мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

А.НҰҒМАНОВ,

Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button