Мереке

Құрметті журналистер қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздегі жауапты да қадірлі мамандық иелері — Сіздер қай уақытта да дәуір үнін танытып, қоғамның ілгері қозғаушы күші болып белсенді еңбек етіп келесіздер.

Бүгінгі күні де Тәуелсіз еліміздің Жаңа Қазақстан құру бағытындағы игілікті қадамдарында Сіздер де лайықты үлестеріңізді қосып, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға ақпараттық қолдау көрсетіп, билік пен жұртшылық арасындағы алтын көпір тұғырын қолда бекем ұстап келе жатырсыздар.

Журналистік жауапкершілік — қоғамдағы үйлесім мен түсіністік, бірлік пен бейбітшілік жолындағы адал қызметпен бағаланады десек, бұл ретте де Сіздер атқарып отырған жұмыстар айрықша атап өтуге тұрарлық.

Сіздерге мерейлі мереке тұсында  зор денсаулық, игіліктер мен жақсылықтар тілеймін!

Қаламдарыңыз әрдайым қуатты болып, шығармашылық еңбектеріңіз табысты бола берсін!

                  Л.ОРАЗБАЕВА,

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button