Мереке

«Көңілді старттар» — 600 бала, 1000 балмұздақ

Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты, облыстық бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасыСұлупан Шынтасова мен қалалық мәслихат депутаттарыСәния Мұратова, Амантай Үмбетай және Шахан Жолдасбаев балалар мерекесіне арналған шараға қатысып, қуанышты сәттерін бірге бөлісті.

1 мамыр — Балаларды қорғау күні Батыс-2 шағын ауданындағы «Денсаулық» саябағында «Көңілді старттар» спорттық ойындар ұйымдастырылды.  Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген депутаттар мереке иелерін құттықтады.

Біздің ең маңызды қонақтарымыз — кішкентай спортшыларымыз.  Балалар жылындағы балалар мерекесінің  ауқымы кең болуға тиіс. Барлық баланың тәрбиесіне, біліміне баса назар аударуымыз керек, — деді құттықтау сөзінде қалалық мәслихат депутаты Сәния Мұратова.

«Life Styile» фитнес орталығы балаларға концерт қойып, спорттық жарыстар өткізді. Барлық бала жарысқа қатысып, арнайы сертификаттар алады. Онда футбол, волейбол, жүгіру мен шынығудан эстафеталар, тағы басқа ойын түрлеріне қатысуға жолдамалар бар. Ал спорттық шараға қатысқан балалар қандай көрсеткішке жеткені жазылған сертификаттарын естелік сыйлық ретінде үйлеріне алып қайтады.

Биыл алғаш рет өткізіп отырған спорттық  шарамыз бұдан былай дәстүрлі өткізілетін болады.«Көңілді старттар»ойындарына 8-14 жас аралығындағы балалар қатысты. Ал 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндер сурет салып, аниматорлармен бірге қызықты ойындар ойнады. Мұндағы басты мақсатымыз — балаларды кішкентай кезінен бастап спортқа қызықтырып,шынықтыру әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шараға 600-ден астам бала қатысты. Саябаққа келген балаларға 1000 дана балмұздақ үлестірдік, — дейді «Life Styile» фитнес орталығының директоры Нұрқасым Болатұлы.

Қаладағы «Media pro» продюсерлік орталығының жастары кішкентай бүлдіршіндерге арналған қызықты ойындар ойнатып, ән айтып, би биледі.

«Media pro» продюсерлік орталығының өкілдері балаларға тегін балмұздақтар таратып, жазғы лагерьге шақырып, ондағы қызметтер мен жеңілдіктерді таныстырды.

Сонымен қатар саябақта қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектептер арасында «Көңілді сөре» және «Мен бақытты баламын» атты байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button