Спорт

Тарихи жүлде

Қазақ спортының тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері шықты.

Михаил Шайдоров Эстония астанасы Таллин қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл жөнінде Ұлттық Олимпиада комитетінің оlympic.kz сайты хабарлады.

Әлем біріншілігінде ұлдар арасында жеке бағдарламада өнер көрсеткен Михаил Шайдоров бірінші кезеңде 8-орын ғана иеленгенімен, екінші кезең, яғнинегізгі бағдарламада күрделі жаттығуларды еш қателіксіз орындап шықты. Жалпы нәтижеде ол 234,31 ұпайға ие болды, сөйтіп әлем чемпионатының күмісіне қол жеткізді. Бірінші орында — АҚШ спортшысы Илья Илинин, үшінші орынды жапониялық Татсуя Тсубой иемденді. Көріп отырғандарыңыздай, бұл екі ел де  мәнерлеп сырғанаудан әлемдік деңгейде алдыңғы қатарлы мектептері бар мемлекеттер. Бұған дейін өздерінің дарыны, жанкештіліктерімен әлем көшбасшылары саналатын елдердің спортшыларына лайықты бәсекелес бола білген Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева сынды спортшыларымыздың қатарына енді тағы бір жаңа есім қосылып отырғаны қуантады.

Жоғарыда айтқанымыздай, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем чемпионатынан қазақстандық спортшылар медаль алмаған. Ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алған Денис Тен де, Элизабет Тұрсынбаева да жастар арасында 4-орынмен шектелген.

Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button