Ауыл

Ұстаз құрметіне мемориалды тақта ілінді

Алтықарасу мектеп-балабақшасының қабырғасына осы білім ұясын біраз жыл басқарған Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Халық ағарту ісінің үздігі Дүйсен Усиннің (1916-1985 ж.ж.) құрметіне мемориалды тақта ілінді.

Салтанатты шарадаАлтықарасу мектеп-балабақшасының директоры Жанболат Әбішев ауылдастарын ортақ қуанышпен құттықтады. Одан әрі ұлағатты ұстаздың  өмір жолын баяндайтын деректі бейнематериал көрсетіліп, білім  ордасындағы «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымыәдеби қойылым қойды.

Темір ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаева, Алтықарасу ауылдық округі әкімі Мақсот Алишовтің құттықтаулары ұстаздың үлкен ұлы Марат Дүйсенұлының, Ерсайын Ұлықпанов, Сәкен Бейсенов бастаған 1971 жылғы мектеп бітірген бір топ түлектің ұстаз туралы естеліктерінеұласты.

Мектеп қабырғасына ілінген мемориалды тақтаны Дүйсен Усинмен, қызметтес болған, бүгінде жасы тоқсаннан асқан ардагер ұстазЖұбай Қонысбаев ашты.

Жиыннан соң мектеп асханасындаұстаздың ұрпақтары мен жақын-жуықтары және аталған білім ұясын 1971 жылы бітірген түлектердің ұйымдастыруыменас берілді.

Енді Алтықарасу мектеп-балабақшасына Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Дүйсен Усиннің есімінің ресми түрде тезірек берілуін күту ғана қалды. Алтықарасулық бастамашыл топ ұсыныс пен құжаттарды құзырлы мекемелерге әлдеқашан жіберіп қойған. Алтықарасу мектеп-балабақшасына алдағы уақытта күрделі жөндеужүргізілсе деген тілегіміз бар. Өйткені, мектептің қазіргі заман талабына сай жарқырап тұрғаны біз үшін үлкен абырой.

Ыхсан КӨШЕРҰЛЫ,

Алтықарасу орта мектебін 1971 жылы бітірген түлегі.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button