БайқауФотобәйге

Білімпаз Адина

Адина Дәулетханқызы біздің тұңғыш немереміз.Енді үш жасқа толатын ол жақында інілі болып, әпке атанды. Атасы Қанат екеуміз немерелердің қасында көбірек болып, солардың ерке қылықтарын қызықтағанды жақсы көреміз.

Әсіресе, Адина атасы екеумізге көп сұрақ қояды. Өте алғыр, зерек боп өсіп келеді. Айтқанды тез ұғып алады. Тақпақтарды да тез жаттап алады.

Қазіргі таңда  қазақ, орыс, ағылшын әріптерінтолық таниды.1-ден 10-ға дейін санай алады. Түстерді де үш тілде айтып береді.

Үйге шағын магнитті тақта алып бергенбіз. Соған әріптер жапсырып, «ата» деп те жазып жүр. Ел мақтанышы болар сүйкімді немереміздің болашағы жарқын, алар асуы биік болғай дейміз.

Злиха Құлманова,

Кемерши ауылы.

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button