«Ақтөбенің» шебер оқырманы»Байқау

Өңіржиек — арудың көркі

Мен Ақтөбе қаласындағы №31 қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысымын. Бос уақытымда қолөнер бұйымдарын тоқып, іс тігемін.

Қазір мектептегі «Шолпы» қыздар клубының мүшесімін. Өңіржиек туралы осы клубтың жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынгүл Бижанқызының ұлттық құндылықтар сабағынан тереңірек білдім. Сол сәттен бастап әшекейге деген қызығушылығым артты. Соңғы екі жылда өңіржиек тігіп үйренумен қатар, осы тақырыпта ғылыми жоба да қорғадым.

Негізінен өңіржиек қалыңдыққа арналып жасалады. Өзара бір-біріне бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті таспалардан тұратын өңіржиектер өзінің сәнділігімен, үйлесімділігімен ерекшеленеді. Таспалары төрт, бес бұрышты болып аяқталады.

Ал өңіржиектің қыз балаларға арналған түрі «өңіртал» деп аталады. Өңірталға көбіне қызыл түсті тастан көз салынып, шынжырмен мойынға тағылады. Өңіржиек әшекейі — біздің басқа ұлттардан өзіндік ерекшелігіміз деп білемін. Жалпы өңіржиекті тағу қыз балаларды әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

Гүлназ ТЛЕУБЕРГЕНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button