Мереке

Степнойдағы  мереке

Степное селосының тұрғындары ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Наурызды қарсы алуға жан-жақты дайындалды.

Салтанатты шаралар ауылдағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Бұл заманауи ғимарат кезінде «Степное» ЖШС-ның қаражатына салынған болатын.

Селолық округ әкімі Гүлмайра Нұреділованың айтуынша, Наурыз мейрамы бұл ауылда айдың он төртінші жұлдызында Көрісу мерекесімен басталған.

Негізінен, «Наурыз —береке бастауы»деп аталатын мерекелік бағдарлама жылды қарсы алудың үлкен жиынына айналды.

Бағдарлама аясында «Ұлттық ойындар» күні ұйымдастырылды. «Ұрпаққа тағзым — ұрпаққа парыз» көрмесі көпшілікті танымдық-тағылымдық саяхатқа шақырды.

«Жайлау күніне» орай «Ұлттық тағам — ұлттың мақтанышы» көрмесі қазақтың дастарқан молшылығын көрсетті.

«Сарқыт күні» аясында мерекеге жиналғандарға ыстық бауырсақ таратылды.

Ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтаған «Степное» ЖШС директоры, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері АманқосТөлеуов көпшілікке игі тілектерін білдірді.

Берекелі де мол жайылған дастарқан басында еңбек ардагерлері мен ақсақалды аталар наурыз көжеден ауыз тиіп, тағылымды әңгімелерін айтып, жастарға баталарын берді.

Наурыз мерекесінде ауыл тұрғындары би билеп, ән шырқап, думандатты. Тұсау кесер рәсімі өтті.

 Әсет ТҰРСЫН,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button