Әдебиет

«Жанар оқулары» өтеді

Байқау

Ырғыз аудандық мәдениет бөлімі және аудандық орталық кітапхананың мұрындық болуымен ақын Жанар Нұрғалидың шығармашылығына арналған облыстық «Жанар оқулары» байқауы өтеді.

Ақын шығармашылығы арқылы туған тілді, қазақ поэзиясын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға қатысушылардыңөтінімдері мен шығармашылық жұмыстары10 сәуірге дейін қабылданады. Оған 14-25 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады.

Байқауға екі жұмыс жіберіледі:«Қазақ өлеңінің аспанындағы бір жұлдыз» атты бейнежазба (ақынның өмір жолы немесе шығармашылығына арналған) және Жанар Нұрғалидің бір өлеңін мәнерлеп оқу (көркемсөз). Бейнежазбалардың уақыты 3 минуттан аспауы керек, ал өлеңдер жатқа оқылады.

Қатысушылар өтінімдері мен орындаған жұмыстарын irgbiblioteka@mail.ru электронды поштасына жібереді. Жұмыстар аудандық орталық кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарияланады.

Байқау қорытындысы 14 сәуірде шығады. Жүлдегерлерді осы күні С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өтетін «Жыр жауһары — Жанар» атты еске алу кешінде марапаттау жоспарланған.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button