Экономика

«S Sistem» Түрік компаниясы: көлік-логистика орталығы құрылысын инвестициялайды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірге 50 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отырған «S Sistem» түрік компаниясының президенті Хусейн Барлинді қабылдады.

«S Sistem» облысқа әуе хабы бар ірі көлік-логистикалық орталығын салуға ниетті. «Ақтөбе облысының географиялық орналасуына байланысты транзиттік хаб ретінде дамуының келешегі зор. Біз өз тарапымыздан жобаға тиісті қолдауды көрсетеміз», — деді Оңдасын Оразалин.

Өз кезегінде Хусейн Барлин өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын инвестициялауда қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.

«Біз жоспарлап отырған логистикалық хаб Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы тауар және жүк айналымын көтеруге мүмкіндік туғызатын болады. Ақтөбе өңірін дамытуға оң әсерін тигізетініне сенімдімін», — деді Хусейн Барлин.

Кездесу барысында тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button