Әлеумет

Мұқтаж отбасыларына көмек көрсетілді

Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

«High tech solutions» компаниясы ұйытқы болған шара барысында әлеуметтік осал топтағы 54 отбасына азық-түлік таратылды.

Игі шараға аталған компания өкілдері мен ауданның ерікті жастары қатысты. Олар азық-түлік қоржындарын тұрғындардың үйлеріне жеткізіп берді.

«High tech solutions» компаниясының ұстанымдарының бірі — халықтың осал топтарына үнемі қолдау білдіру. Былтыр шілде айынан бастап өңірде мұнай-газ жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған компания наурыз айында жұмысқа кіріспек.

— «Жақсылық жасап жарысайық!» деген ұранмен Атырау өңірінде жиі ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларын Ақтөбе аймағында да өткізуді қолға алып жатырмыз. Мұндай шаралардыалдағы уақытта да жиі өткізетін боламыз. Ұйымдастыру жұмыстарына қолдау білдірген Байғанин ауданының әкімдігі мен ерікті жастарға ризашылығымды білдіремін, — дейді компанияның бас директоры Айгүл Қалиева.

Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button