Білім

Тәрбиенің рухани тірегі

Облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары үшін «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Балаларға дін жайында толық ақпарат беру және оларға теріс ағымдардың ықпал етуінің алдын алу мақсатында өткен шараға «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Нұрлан Асанов пен орталықтың психолог маманы Ақжол Хасен қатысты.

ХХІ ғасыр — ғылым мен ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Қазір балалар әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарға еркін кіре алады. Кездесу барысында мамандар экстремистік және террористік ұйымдардан құралған деструктивті күштер осы кеңістіктің барлық мүмкіндіктерін өз қызметтерінде оңтайлы пайдаланып отырғанын ескертіп, балаларға осы тұрғыда сақ болу керектігін айтты.

Сондай-ақ шара барысында ислам діні және қоғамдағы дін мәселесі туралы да әңгіме қозғалып, «Деструктивті ағымның ықпалына түскен адамдардың бойындағы өзгерістер» және «Әлеуметтік желінің әлуеті мен әлегі» тақырыбындағы бүктемелер таратылды.

Оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, көптеген пайдалы ақпаратпен танысты.

Сәтбек ЕСЕНҒҰЛ,

Ақтөбе облыстық мамандандырылған

физика-математикалық  мектеп-интернаты

директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button