Білім

 Ұстаз еңбегі өлшеусіз

  • Өнеге

Ұстаз деген — ұлы есім. Ол өзгеге өзі білетін әлемнің қат-қабат құпиясын бүкпей жайып сала алады. Еңбек жолында тынбай, балаларды ән сабағына қызықтырып, музыканың қыр-сырын үйретіп жүрген Зәуре Төлеуқызы — нағыз шығармашыл ұстаз.

 

Ол — Ақтөбе қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі. Зәуре Төлеуқызының шәкірттері халықаралық, республикалық додалардан жүлделі орын алып жүр.  Нұрасыл Айжарық пен Ерасыл Айжарық, Аянат Асан, Нұржан Жалғасбаев,Гүлхан Абай  секілді шәкірттерін мақтанышпен айтады. «Жас толқын» домбырашылар ансамблі«Үміт-2021» республикалық байқауында, «Тәуелсіздік — бастауы бар бақыттың» атты республикалық білім және өнер додаларында лауреат атанды.

Зәуре Төлеуқызы осындай шәкірттерінің барына қуанады, зор сенім артады. Ұстаз бақыты осы болса керек.

Әлия АҚКӨЗОВА,

№71 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button