Тәуелсіздік — 30

Тайбек — I орын иегері

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы «Ұлттық құндылықтар және дін — тәрбиенің діңгегі» атты эссе байқауын өткізді.

Мақсат — тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда тәуелсіздікке қол жеткізген жасампаздық ерлігін дәріптеу, дана халқымыздан асыл мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына дарыту, педагогтердің  шығармашылық әлеуетін дамыту.

Эссе байқауына қала мектептерінен барлығы 56 жұмыс түсіп, қазылар алқасының шешімімен, соның 17-сі марапатқа ұсынылды. Байқауға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ғылыми кеңесінің хатшысы Мира Балтымова төрағалық етті.

Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының басшысы Мақсат Құдайберген құттықтау сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын марапаттады. Нәтижесінде I орынды М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тайбек Абдуллин жеңіп алды. Жеңімпаз бен жүлделі орындарды иеленген басқа да қатысушыларға диплом мен сыйлықтар табысталды.

Өз кезегінде байқаудың жоғары деңгейде өткізілгенін тілге тиек еткен қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта ұстаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған осындай шаралар тұрақты өткізілсе деген тілегін білдірді.

 Айгүл ҚАНАФИЯ,

орталықтың сектор меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button