Заң мен тәртіп

Заң үстемдігінің артықшылығын түсіндірді

Ақтөбедегі №21 орта мектепте «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушылармен кездесу өтті.

Бұл шарада жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және заң талаптарын түсіндіру бағытында әңгіме өрбіді.
Кездесуге облыстық полиция департаментіне қарасты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Жәнібек Шағыров, осы департаментке қарасты қоғамдық қауіпсіздік басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция майоры Нұргүл Жолдыбаева, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Данияр Құрманғалиев қатысты. Мамандар қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін орнықтырудың маңызы жөнінде сөз қозғап, қызмет жолында кездескен оқиғалар, бейнероликтер арқылы теріс әрекеттердің адам өміріне, болашағына кері әсері болатынын жеткізіп, жастарды ондай жағдайлардан сақтануға шақырды.
Сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық орындарда, мектепте ұстанатын ережелер мен заң талаптары түсіндірілді.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button