Туризм

«ЗӘРУ» — ерекше пантоемдеу шипажайы

Туризм

2018 жылдың маусым айында марал өсіру шаруашылығының базасында ашылған «Зәру» пантоемдеу шипажайы — бүгінде облыстағы ең сұранысқа ие сауықтыру орындарының бірі. Мәртөк ауданының Казанка ауылында орналасқан шипажайға жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келушілер көбейген.

Шипажай 126 төсек орынға есептелген. Оның ішінде 4 «люкс» санатындағы нөмір, 25 стандартты екі орындық нөмір (ақылы блок), сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталы арқылы келетін азаматтарға арналған 60 орындық реабилитациялық бөлім бар. Сонымен қатар аумақта толық жабдықталған 4 қонақүй орналасқан. Онда асүй, жуыну бөлмесі, екі жатын бөлме және демалыс аймағы бар. Бұл отбасымен демалып, табиғат аясында шипалы ем қабылдауға мүмкіндік береді.
Шипажай экологиялық таза жазық аймақта, қайыңды тоғайы мен қылқан жапырақты орман араласқан жерде орналасқан. Жазда жаяу серуендеуге, табиғат аясында фотосессия жасауға, ал қыста шаңғымен сырғанауға болады. Шипажай аумағында емдік және тұрғын корпустар, қысқы бақ, тренажер залы және демалыс аймақтары бар. Емделушілер өз шаруашылығында өндірілетін экологиялық таза өнімдермен — қаймақ, сүзбе, жұмыртқа, қоян, үй құсы және марал етімен тамақтанады.

Шипажайдың басты ерекшелігі — маралдың қанын және жас пантыларын (жас маралдың мүйіздері) пайдалана отырып жүргізілетін пантотерапия. Осы мақсатта өңірге Шығыс Қазақстан аймағынан 150 марал әкелінген. Бүгінде маралдардың саны 400-ге жетті.
Пантының құрамында табиғатта кездесетін 22 аминқышқылдың 18-і, коллаген, темір, кальций, магний, йод және цинк сияқты микроэлементтер бар. Панты — адам ағзасын қалпына келтіретін ең құнды табиғи ресурс.
Келушілерге ұсынылатын негізгі емдік процедуралар — пантогематоген қабылдау, ол жүйке жүйесін нығайтып, қан айналымын жақсартады; панталы ванналар, теріге пайдалы әсер етіп, ағзадан зиянды заттарды шығарады; панталық бөлме (жаровня), тыныс алу жолдарына пайдалы микроэлементтермен ингаляция жасайды; панталы компрестер, буын ауруларына және жарақаттан кейін қалпына келуге тиімді.
Қосымша қызметтерге массаждың барлық түрі, косметолог қызметтері, пилинг, орау және панталы бет маскалары кіреді.
Пантотерапияның адам ағзасына әсері мол. Бұл бірінші кезекте жұмыс қабілетін арттырады, ағзаның энергия алмасуын белсендіреді, жасушалардың жаңаруын ынталандырады, қартаю процесін баяулатады, өмір сүру ұзақтығын арттырады, инсульт қаупін төмендетеді, буын ауруларының белгілерін жеңілдетіп, қан қысымын қалыпқа келтіреді, қант пен холестеринді төмендетеді. Сондай-ақ ас қорыту, бауыр және бүйрек қызметін жақсартады. Ерлер денсаулығына пайдалы, репродуктивті функцияны қалпына келтіріп, қатерсіз және қатерлі ісіктер кезінде ағзаның жалпы жағдайын жақсартуда да пантының әсері мол.
Жеті жылда шипажайға қант диабеті, простатит, бронхиттік астма, тері аурулары, псориаз, асқазан, ішек онкологиялық аурулары секілді сырқаттармен келген емделушілер айтарлықтай денсаулығын түзеді. Көптеген адам мұнда химиотерапиядан, инсульттен, сынықтар мен операциялардан кейін қалпына келу үшін ем қабылдайды.
Биыл «Зәру» пантоемдеу шипажайы «Алтын сапа» президенттік сыйлығының «Үздік қызмет көрсетуші кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Бүгінде аталған шипажайдың Ақтөбеден бөлек, Алматы және Қостанай өңірлерінде филиалдары бар. Емдеу курсының құны — тәулігіне 30 000 теңге. Бұл қаражатқа ем алушының тұруы және тамақтануы кіреді. 1-2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызмет ала алады.
«Зәру» санаторийінің байланыс деректері: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Казанка ауылы. Тел.: +7 (776) 779-69-07, +7 (702) 932-00-48
Филиалдары: Ақтөбе қаласы, Гришин көшесі, 60. Тел.: +7 (708) 471-21-53;

Алматы қаласы, Пятницкий көшесі, 81/2. Тел.: +7 (705) 855-88-05;

Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 81, тел.: +7 (708) 475-19-31;

Instagram: zaru_aktobe, zaru__almaty, zaru_qostanai

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button