Заң мен тәртіп

Тәртіп бұзған төрге шықпайды

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде «Жастарға кеңес» жобасы аясында Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында кездесу өтті.

Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және қауіпсіз тәртіп ережелерін түсіндіру.
Кездесуге полиция аға лейтенанты Бекет Қожабеков, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы филиалының басшысы Әсел Мұстафина, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Жүрсін Әбжанов қатысып, оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызы, оның қоғамға тигізетін теріс әсері, пара беру мен алудың заң алдындағы салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар кешкі уақытта жүрмеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіпке бағыну және жасөспірімнің өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқосуға 70-ке тарта жас қатысты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button