МәдениетТәуелсіздік — 30

«Достық шаңырағының астында»

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық  «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен  «Достық шаңырағының астында» мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева,этномәдени бірлестіктер басшылары мен өкілдері, облыстық аналар кеңесінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшы-мамандары қатысты.

Маржан Қорғанбаева қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, облыстағы барлық ұлттың тілін, дәстүрін, мәдениетін жаңғыртуға барлықжағдай жасалып отырғанын айтты, ұлтаралық келісімді, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, отансүйгіштікке шақырды. Сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шарада шаңырақ көтергендеріне 30 жыл болған, інжу той иелері Табрис-Рамиля Насыровтар отбасы көпшілікке таныстырылды. «Достық» халық аспаптар оркестрінің орындауында «Апипа» әуені орындалды. Кеш жүргізушісі қазақ пен татар мәдениетінің үндестігі, ұқсастықтар туралы айтты, сосын «Наурыз»,«Сабантой» туралы слайд көрсетілді. Сонымен қатар татар мен башқұрт ұлттық киімдерін киген қыздар жиналғандарға татар мен башқұрт чак-чагінан және қазақтың бауырсағынан  дәм татқызды. Татар мен башқұрттардың «Язгы Моннар» ансамблінің орындауында ән шырқалып, ойындар ұйымдастырылды. Кеш қонағы «Умырзая»  ансамблінің әншілері де өнерлерін көрсетті.

Одан әріқатысушылар қазақ пен татар-башқұрт бұйымдарынан тұратын қолданбалы өнер көрмесін және татарлардың «Қаз өмәсе», яғни «Қаз қауырсыны» дәстүрін тамашалап, «Қазақстан» әнін бірге шырқады.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button