Жаңалықтар

Редакцияға хат

«Pfizer» вакцинасын салдыра аламыз ба?

Алма ОРАЗОВА, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

  • Осы аптада облысқа «Pfizer» вакцинасы жеткізілгенін естідік. Қарапайым тұрғындарға бұл вакцинаны салдыруға бола ма? Әлде тек жасөспірімдер мен жүкті әйелдер ғана егіле ме?

Редакциядан:

Бұл сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров жауап берді:

«Pfizer» вакцинасы әзірге тек 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен бала емізетін, 16-37 апта арасындағы жүкті әйелдерге салынып жатыр. Ал басқа тұрғындарға бұл екпені салуға байланысты нақты ақпарат жоқ, алдағы уақытта ақылы түрде болуы мүмкін.

АЙЫППҰЛ САЛЫНА МА?

Әлеуметтік желі арқылы Самал есімді тұрғыннан мынадай сауал түсті: «Карантин кезінде сыртқа (көшеге) шығып кетсе, қанша айыппұл салынады?».

Редакциядан:

Бұл сауалға облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мынадай жауап келді: 

  • Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1-тармағына сәйкес үй карантині талабын сақтамаған жеке тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (87 510 теңге). Егер де құқықбұзушы айыппұлмен келіссе, 7 жұмыс күні ішінде айыппұлдың жартысын ғана, яғни 43 755 теңгені төлей алады.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button