Тәуелсіздік — 30

«Көктемір атанған Сапура еді…»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шаралар аясында Алға аудандық І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасы Ізтай ақынның «Көктемір» поэмасын жатқа оқуға арналған сайыс өткізді.

«Көктемір атанған Сапура еді…» деп аталатын бәйгеге аудан мектептерінен 12 оқушы қатысып, ақын дастанын жатқа оқыды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, олардың арасынан №1 Алға орта мектебінің оқушысы Ырысжан Бәйменова І орын алса, ІІ орынды Бестамақ орта мектебінің оқушысы Мәлика Бахуадин иемденді, Алға мектеп-гимназиясының оқушысы Айдана Айдарғалиева ІІІ орынға лайық өнер көрсетті. І орын иегеріне планшет, басқа жүлдегерлерге қалта телефондары берілді.

Екі ынталандыру сыйлығына Есет батыр атындағы мектептің оқушысы Бердәулет Алламбергенов пен Маржанбұлақ орта мектебінің оқушысы Гүлім Қайыржанова ие болды.

Осы жиынға арнайы Ақтөбеден келген облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы «Руханият» танымдық-патриоттық клубының жетекшісі, өлкетанушы Жібек Абдуллина да бірнеше балаға түрлі аталымдар бойынша сый-сияпат ұсынды. Соның ішінде «Мәнерлеп оқу үздігі» номинациясы бойынша №1 Алға орта мектебінің оқушысы Нұржайна Тілеубаева, «Ерекше дауыс ырғағы» номинациясы бойынша осы мектептің оқушысы Рамазан Жолдасбаев, т.б. марапатталды. Аудандағы «Абылай» шаруа қожалығының басшысы Қыдырбай Ксупов та осы шараға демеуші болды.

… «Кіші жүздің Көктемірі» атанған, ел азаттығы үшін күрескен Сапар Мәтенқызына арнап Ізтай Мәмбетов өлеңнен ескерткіш қойса, Ізтай туған топырақтың бүгінгі ұрпақтары сол «ескерткіш» арқылы ақын мақтан тұтқан ерлікті санада тағы бір жаңғыртты.

Шара ЕЛЕУСІЗ,

Алға ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button