Пікір

Оң өзгерістердің бастауы

Шара БЕКНАЗАРОВА,

Мәртөк аудандық балалар

кітапханасының кітапханашысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  биылғы Жолдауында елдің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары айтылды.

Сондай-ақ Президент ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау қажет екендігін атап өтті. Әлемдік дағдарыс халықтың табысына қысымды күшейтті. Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдерінен төмен. Президент 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы деңгейі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтерілетінін хабарлады. Бұл бастама миллионнан астам адамға, жанама түрде барлық жұмысшыларға әсер етері сөзсіз. 2022 жылдан 2025 жылға дейін бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өседі. Тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көрмек.

Президент әсіресе мәдениет саласын да айрықша атап өтті. Бұл еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлеріне де тың серпіліс берді.
Сондықтан барынша қамқорлық танытқан Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір сөздің нақты іске айналатынына сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button