Пікір

Жаңа міндеттер қойылды

Манаргүл ЕЛШЕБАЕВА,

«Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» КММ  тәрбиешісі.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында білім саласы үнемі айтылып келеді. Биылғы Жолдауда да сапалы білім беруге қатысты бірқатар мәселе айтылды. Жалпы, елімізде білім саласы қызметкерлерін қолдау саясаты үздіксіз, ұдайы жүргізіліп келеді. Мұғалімдердің жалақысы артып, ұстаздарың мәртебесін айқындап берген заң қабылданды. Қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы тағы 25 пайызға көбеймек. Мұндай шаралар жастардың осы салаға қызығушылығын арттыратыны айқын.

Жолдауда Президент білім беру саласының алдына бірқатар міндеттер қойды. Нақтырақ айтсақ:  білім беру жүйесін қолжетімді әрі инклюзивті ету, тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету, материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтыру, мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу, мектептердегі орын тапшылығын болдырмау, мектептерді салуға жеке секторды да тарту, сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін берілуін қамтамасыз ету, т.б.

Тағы бір қуантарлығы — халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар беріліп, бір реттік ақшалай сыйақы да төленбек. Бұл оқушылардың білімге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Тек балаларды ғана емес, ұстаздарды да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру қажеттігі айтылды. Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында тұрған осындай міндеттер мен мақсаттар білім сапасына айтарлықтай әсер ететіні айқын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button