Пікір

Мал басын көбейтуге серпін береді

Ғибрат ТАПАҚОВ,

«Кең дала» шаруа қожалығының басшысы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Үкімет шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз етуге қатысты заң жобасын дайындауы керектігін айтты. Әрине, бұл — шаруалар үшін үлкен жаңалық. Себебі мал шаруашылығымен айналысатындар үшін бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Президент: «Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Олардың құқықтық мәртебесі және көрсететін қолдау тәсілдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек. Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс», — деді.

Мемлекет басшысы айтқан бұл мәселе ел-аймақтарда тиісті деңгейде жүзеге асса, мал шаруашылығы бағытындағы жеке қожалықтардың ісі оңынан туып, жайылымдық жерлердің көлемі арта түседі. Ең бастысы, бұл мал басын көбейтуге серпін бермек. Сондай-ақ өңірдегі жайылым мәселесі тиімді шешіледі.

Біз, шаруалар, қашан да Мемлекет басшысының Жолдауын қолдаймыз. Онда айтылған жаңа бастамалардың жүзеге асуына өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button