Пікір

Қамқорлық пен жауапкершілік

Жолдас БАТЫРХАН,

Облыстық білім басқармасының басшысы

Елімізде білім саласында ұдайы реформалар жүргізіліп, білім мен тәрбие сапасын арттыру бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Әр мемлекеттің басты байлығы — адам. Адами капиталдың сапалы болуы білімнен, тәрбиеден. Сондықтан Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында білім саласына қатысты міндетті түрде айтып өтеді. Биыл да Мемлекет басшысы мұғалімдерді қолдау жұмыстарының жалғасатынын айтты. Педагогика қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бағытталатын болды. Биыл жыл басында мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артқаны белгілі.

«Қабылданған іс-шаралар өз жемісін беріп те жатыр. Педагогика мамандығына түсушілердің орташа баллы күрт өсті. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыра беретін боламыз», —  деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаһандық өзгерістер жағдайында алған білімнің уақыт өте келе ескіретінін, сондықтан министрліктердің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайларға бейімдеу қажеттігін тапсырма етіп қойды.

«Пандемия кезіндегі қашықтан оқыту қорытындысы ұлттық телекоммуникация желісі тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетті. Бұл базалық қарапайым білімі жоқ оқушылардың үлкен легінің пайда болуына алып келді», — деп мәселенің екінші жағына назар аударды. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында іргелі жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бүгінде өңірде педагогтердің білімін, біліктілігін арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Президент 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсетінін айтты. Оның қатарында педагогтер де бар. Бұл осы салада қызмет етіп жүрген мыңдаған адамның әлеуметтік тұрмысына оң әсер ете отырып, білім саласына да жақсы ықпалын тигізері белгілі. Ұстаздар өздеріне жасалып жатқан қамқорлықты ғана емес, ұрпақ алдындағы, ұлт алдындағы жауапкершілікті де сезінуі тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button