Спорт

Жалғыз боксшы қалды

Олимпиадада, ең алдымен, боксшыларымызға үміт артып үйренгенбіз. «Боксшылар барда, алтын да болады», — деген сенім қалыптасқан.  Ал Токио Олимпиадасында бұл сенімнің ақталуы үлкен күмәнға айналды…

Үміт күткен боксшыларымыздың басым бөлігі алғашқы айналымдарда-ақ жарыс жолынан шығып қалып, жартылай финалға екі ғана қазақ боксшысы жеткен еді. Олар — ең жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов пен ең ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев.

Кеше Қамшыбек Қоңқабаев та жартылайфиналдық жекпе-жекте америкалық боксшы Ричард Торрестен тас-талқан болып жеңілді. Қарсыласы екінші раундта Қамшыбекті нокдаунға жіберсе, ал үшінші раундта біздің боксшының жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Ричард Торрес енді финалда өзбек боксшысы Бахадүр Жалоловпен алтынға таласатын болады.

Ал біздің ұлттық құрамадан жарыс жолында қалған жалғыз боксшы Сәкен Бибосынов бүгін жартылай финалда өнер көрсетеді. Қарсыласы — британдық Галаль Яфай.

А. САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button