Спорт

Екі минут ішіндегі жеңіс

UFC-де жүрген қазақ спортшысы, жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жек 11 шілдеде Лас-Вегаста өтті. Жалғас өзінің қарсыласы, америкалық Джером Ривераны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

Джером Ривера 2015 жылдан бері UFC-дежекпе-жектер өткізіп келеді. Бұған дейін ол 7 рет жеңіп, 4 рет жеңіліске ұшыраған.

Ал Жалғас ЖұмағұловUFC-дегі карьерасын былтыр жазда бастап, бұған дейін екі рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде де ұтылып қалған болатын. Атап айтқанда, алдыңғы екі жекпе-жекте ол төрешілер шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвадан және швед Амир Альбазиден жеңіліп қалған еді. Сондықтан да жерлесіміз үшін үшінші жекпе-жекте жеңіске жетудің маңызы зор болды. Жекпе-жек басталысымен, барлау жүргізуді ойлап жатпастан,Ривераға бірден тап берген Жалғас екі минут ішінде жеңіске жетті.

Жалғасқа алда да үлкен жеңістер тілейміз.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button