Мәдениет

Сырнаймен ән салған

Облыстық халық шығармашылығы орталығының 60 жылдық мерейтойы аясында әнші, сырнайшы Мұқан Сатыбаевпен кездесу өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған мәдени шарада сұхбат өрбіп, арасында әндер де әуеледі.

Ойыл ауданының перзенті Мұқан Сатыбаев — баян аспабын жетік меңгерген кәсіби маман. Қоңыр даусымен Шәмшінің, басқа да қазақтың белгілі композиторларының туындыларын шырқайды.

Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің түлегі еңбек жолын Ойыл аудандық Мәдениет үйінде бастап, кейін ұзақ жылдар бойы Ақтөбе қаласындағы №21 мектеп-гимназиясында музыка пәнінің мұғалімі ретінде еңбек еткен. Сол жерден зейнет демалысына шықты.

Тікелей эфир арқылы сырнаймен ән салып, өмір мен өнер жолы туралы сыр ақтарған өнер иесі арасында көрермендердің сұрақтарына да жауап берді. Кездесу барысында танымал әндер орындалды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button