Мереке

Mәслихат хатшысының ілтипаты

Мереке күні облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов бірқатар журналистерді кәсіби меркелерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыс етті.

— Байланыс және баспасөз саласының өкілдері азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасында дәнекер болып келеді. Жергілікті телеарналар және баспасөз облысымыздың рухани шамшырағы, ғұмыр айнасы екендігі баршамызға белгілі. Облыс көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз эфир және газет беттеріне жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді. Сіздер арқылы Ақтөбе халқы тың жаңалықтар мен қажетті ақпараттарды алуда. Сондықтан журналистер қашанда құрметке лайық. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! — деді Амангелді Нұғманов құттықтау сөзінде.

Бұдан соң ол бір топ журналистерді марапаттап, гүл шоғын тарту етті. Олардың қатарында әріптестеріміз облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшілері Данагүл Қазихан мен Ақбота Қалдыбек, облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшілері Санат Раш, Алиса Маринец және Владимир Бурьяновтар бар.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button