Ресми

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы  аудиторлық іс-шаралар бойынша ақпараты

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2020 жылдың 12 айында 151 аудит нысанында 12  іс-шара жүргізді.

Аудит іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі — 190 855,0 млн теңге.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі — 12 635,3 млн теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы — 2 195, 2 млн теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және  активтер — 4 551,1 млн теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 5 888,9 млн теңге және рәсімдік бұзушылықтар саны — 643 бірлік.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде қайтаруға және қалпына келтіруге жататын қаражат көлемі 2 195,2 млн теңгені құрады, соның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар – 1 551,8 млн теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 28,2 млн теңге, бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда – 606,6 млн теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша – 8,6 млн теңге.

2020 жылдың 12 айында өтелген және қалпына келтірілген қаражаттың нақты сомасы 1 297,7 млн теңгені немесе 59,1%-ды құрады.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша 151 аудит объектісіне 12 аудиторлық қорытынды және анықталған бұзушылықтарды жою туралы 129 нұсқама жіберілді. 42 ұсыным мен 323 тапсырма қабылданды, оның ішінде 261, 24 ұсыным мен 231 тапсырма орындалды. Бақылауда тұрған 6 тапсырма (сот процестеріне байланысты) орындалған жоқ.

Тексеру комиссиясы Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың жұмсалуын мониторингілеу және бақылау шеңберінде бірқатар аудиторлық іс-шаралар жүргізді. Анықталған бұзушылықтар: Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасында жоспарлау кезінде 46,8 млн теңге негізсіз артық қаражат көзделген, бұдан басқа 2020 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы кезеңде медициналық жабдықтарды жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, соның нәтижесінде 264,6 млн теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған» жол картасының 3 бағытын іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында Жол картасы шеңберінде 30 инфрақұрылымдық жобаны жоспарлау кезінде жобалардың құны 176,5 млн теңгеге негізсіз көтерілген (Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 160,6 млн теңгеге 28 жоба, денешынықтыру және спорт басқармасы – 11,4 млн теңгеге 1 жоба, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы – 4,5 млн теңгеге 1 жоба).

Шалқар ауданында 3 жоба бойынша 343,2 млн теңгеге өрескел бұзушылықтар анықталды (құрылыс материалдарына шығындарды арттыру арқылы жұмыс көлемін арттыру).

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына аралық бағалау, сондай-ақ «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу барысында анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1211,0 млн теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар — 99,7 млн теңге бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 1111,3 млн теңге.

Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 90 лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар, 71 лауазымды тұлға бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, 4,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар 2020 жылдың 12 айында құқық қорғау органдарына іс жүргізу шараларын қабылдау үшін 23 материал жіберілді.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button