Мереке

Арнайы жасақ

Полиция қызметкері туралы сөз қозғасақ, ойымызға бірден патрульдік немесе учаскелік инспекторлар оралады. Ал өздеріне артылған жүктемелері өте ауыр жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың өкілдері көбіне көлеңкеде қалады.

Кәсіби мереке қарсаңында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жұмысы туралы азды-кем мәлімет бергенді жөн көрдік.

Бір жерге бомба қойылғандығы туралы қоңырау келіп түскен жағдайда оқиға орнына алғаш болып жететін осы арнайы жасақтың қызметкерлері екенін біреу білсе, біреу біле қоймас. Оқиға орнына барып, тазарту, іздеу жұмыстарын да жүргізетін осылар. Қарапайым адам мен көлік өте алмайтын жерлерден жасақтың кез келген кедергіні жеңе алатын темірдей қызметкерлері еш кедергісіз өтеді. Әрине, сырт адамға бұл бір ерлік сыңайлы көрінер. Ал олар үшін бұл — күнделікті жұмысы.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің қарапайым жұмыс күндерінің өзі үлкен дайындықта өтеді. Қызмет барысында қауіп те жоқ емес. Мәселен, лаңкестерді басып алу мен жою операцияларында да алдыңғы шепте жүретін осы азаматтар.

2011 және 2016 жылдары Ақтөбеде экстремистік бағыттағы қылмыскерлер бас көтеріп, бейбіт азаматтар қаза тапқан болатын.

2016 жылғы 5 маусымда лаңкестердің әскери бөлімге қарулы шабуылы кезіндежылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері қылмыс орнына алғашқылардың бірі болып барып, жараланған сарбаздарды эвакуациялады.

Келесі күні олар қашып кеткен қылмыскерлердің орналасқан жері туралы кез келген алдын ала ақпаратты пысықтап, қауіпті учаскелерді жауып және қарулы лаңкестерді басып алуға қатысты.

Биылдан бастап жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың әйелдер взводы енгізілді. Оның құрамындағы барлық қыздар кәсіби спортшылар, самбо чемпиондары.

Тағы бір айта кетерлігі,жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері ай сайын, жалақысының бір бөлігінерікті түрде, қайырымдылыққа жұмсайды, әкімдіктен мұқтаж көпбалалы отбасы туралы ақпарат алып, олармен хабарласып, не қажет екенін сұрап көмек көрсетіп отырады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button