Мереке

Мерекеде футбол ойнады

Полиция күні қарсаңында Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті.

Аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Асылбек Изашевтің айтуынша, Полицейлер күніне орай аталған жарыс биыл аудан бойынша алғаш рет өтіпті.

— Жарысқа аудандық полиция бөлімі, мемлекеттік қызметшілер, желілік полиция бөлімі, прокуратура, төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері, сондай-ақ ардаргерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Барлығы 7 команда қатысқан ойында полиция бөлімі желілік полиция бөлімін 5:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Жарыс қатысушылары өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті.  Жеңімпаз командаларға арнайы кубок пен ақшалай сыйлық табыс етілді. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан алғыс білдіреміз, — дейді Асылбек Изашев.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button