Әдебиет

Ұлы сезім

Соңы. Басы өткен сандарда

—Балалық шақтың қызығы біз екеумізде әлі басылмаған, сағынатынымыз соның әсері болар. Балаларымыз отау тігіп, есейген қазірдің өзінде бір-бірімізді қызық қуғандай іздейміз. Осы  айтқаным дұрыс па? —деді Нұрлан Қалижанға.

—Ол қайта жақсы емес пе?! Қаумалаған мазасыз ойдан құтылып, бір сәтте болса, көңіліміз көтеріледі. Осы, сен неғып үндемей отырсың? Жалғыз досыңның туған күнін ұмытқансың ба?

—Солай екен ғой. Құтты болсын! Қалай есімнен шығып кеткен?—деп Нұрлан орнынан тұрып, Қалижанды құшақтап, қолын қысты. —Мен әдейі саған келдім. Туған күнді атап өтуге. Осы уақытқа дейін қанша дос болып жүрсекте, туған күнімізді бірге өткізген емеспіз. Сен болсаң маңқиып, менімен шаруаң жоқ, үндемейсің. Бүгін маған маза бермейтін болғасын,  келетін жолдас-жоралардан әдейі қаштым.

—Ол айтқаныңның жаны бар. Сені ұстау қиынның-қиыны. Өйткені сұйық жүрісің көп,  — деді Нұрлан сылқ-сылқ күліп, беторамалымен маңдайын сүртіп жатып.

— Саптыаяқ әкел,—деді Қалижанаққұба орыс келіншеккесаусағымен

мұртыныңұшын ширатқан болып.

Шүмекті бұрап қойып, келіншек:

— Екеу ме? — деді.

—Қазақша таза сөйлейді екенсіз. Қалай үйрендіңіз? Даусыңыз да  сүйкімді естіледі,—деді езу тартып жымиған Қалижан.

—Иә. Бұрын тұрған жерде орыс мектебі болмай, қазақ мектебінде оқыдым.

—Бәсе. Онда күйеуіңізде қазақ шығар.

— Қалай біліп қойдыңыз?—деді келіншек саптыаяқты Қалижанның алдына қойып жатып.

—Сіздей сұлу қызға үйленген жігітте тегін болмады. Жігіттің ішіндегі төресі болар.

—Төресі дегенді білмеймін. Бірақ өкінбеймін, —деп күлді ол.

— Осы сенің әйелкөрсең, есің ауып кететіні несі? Оңды тісіңде

жоқ. Балпылдап сөйлеп қоймайсың, —деді орыс келіншек кеткен бойда қабағын шытып Нұрлан.

Артына бұрылған келіншек:

— Е, сөйтіңізші, аға! Ағайдың даусы да қатты шығады екен. Басым ауырып кетті,— деді.

— Құлағы ауыр. Өзі естімейтін болғасын, басқаларды да естімейді деп ойлай ма, ылғи даусын көтеріп сөйлейді.

— Қойдым, қойдым,—деп Қалижан мұртын сипап қойды.

—Ауру қалсада, әдет қалмайды деген сөзді бекер айтпаған. Әйел көрсең, сипақтаған әдетіңді ендігі жерде қойсайшы,—деді өкпелеген баладай тыжырынған Нұрлан.

—Онда тұрған не бар? Көңіл көтергенге не жетсін?! Ойын-сауықтың не екенін білмейсің. Саған ерсі болып көрінетіні содан. Жүрген жерімде ат шаптырмадым, басқаның бәрі болды. Өзіңнің қолыңнан келмегесін, көре алмайсың, әйтпесе, бұл жерде артық ауыз сөз болған жоқ. Өзімізбен бірге жанымыздағылардың да көңілін аулап қойғанның несі айып.

—Бір өзің сөйлей бересің бе, мағанда кезек берсейші,— деді Нұрлан саптыаяқты қолына ұстап:

—Бүгін мені бір емес, екі рет сөзбен ұттың. Бірі —туған күніңді ұмытқаным болса, екіншісі —маған келіп қуанышыңды бірге бөліскенің,—деді.

— Мен сен сияқты қатты емеспін, ақкөңілмін. Жер асып, су асып кеткесін бе, ауылды көп ойлаймын. Сені көргенде сол сағынышым басылғандай күйге түсем. Дос-жаран жетеді. Бірақ сенің орның олардан бөлек,—деді Қалижан Нұрланға қарап.

—Өзгерейін деген екенсің. Құйғанша шыдай алмай, бөтелкенің аузынан ішетін едің. Оны қойғансың ба? Алдыңда тұрған саптыаяққа қолыңды әлі бірде тигізген жоқсың. Бұның не?

—Кеше көп ішіп қойғанмын ба? Таңертең басымды көтере алмай, қызыл күрең бес жұлдыздан ұрттап едім. Шынын айтайын, зауқым соқпай отыр.

—Туған күнің құтты болсын! Денсаулығың зор болсын! Немере, шөбере, шөпшек сүйіп, жүзге жет! Ойын-күлкіге тоймай жүре бер! Ал енді сол үшін өзім ішіп қоямын, —деп саптыаяқты қағып салды.

—Рахмет! Жақсы айттың. Бірақ түйістірмегенің қалай?— деді таңырқап.

—Сыраны несіне түйістірем. Ішіңе сыйғанша, суша сіміресің. Арақ болса бірсәрі, қалай ішем деп ащы дәміне бола қиналып соғыстырсаң, дем береді. Солай емес пе?

—«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген. Ойламаған жерде тігісін келістіріп жіберетін пысықтығың бар. Әйтпесе, сыра да ішімдікке жатады. Сыраға да масайып қалады. Мен саған қызық айтайын. Бұл өмірденмен не көрмедім?!  Бірақ сен бұл әңгімені ешкімге айтушы болма. Онда өкпелеймін. Мына сыраның дәмі шынында да өзгеше екен,—деді тамсанып.

—Жаңа ғана айтқан жоқпын ба, жақсы екенін,—деді Нұрлан орнынан қозғалақтап.

—Мен бірде бал қосқан сыра да ішкенмін. Оны көп ішуге болмайды екен, жүрегіңді айнытады.Мынаның ішіне не қосты екен,ә?— деп беторамалымен көзін сүртті де:

—Жаңа саған айтайын деген әңгімені ұмытып қалғанымды қарашы, —деп төмен қарады.

—Сыра жайында ғой деймін,—деді Нұрлан оған.

— Әә, иә,иә. Осы сыра мені  екі рет тілеп алған ауруымнан құтқарды. Басымнан өткізгенбұл жайды жан баласына айтқан емеспін. Кезінде қызмет бабымен қайда бармадық? Іссапармен Қазақстанды түгел шарладым. Бірде мынадай жағдай болды.

Жұмабек деген бір мекеменің бастығы үйіне

қонаққа шақырды. Көпшіліктің аты – көпшілік. Дастархан жайылмай-ақ,  қызу әңгіме басталып кетті. Жұмыспен барған менен басқасының бәрі бірін-бірі таниды. Әрқайсысының беттеріне қарап, сөздерін тыңдап отырмын. Үлкендерге орын беріп, төрдегі орнымнан ығысып, бір қарасам, төменгі жақта отырғанымды аңғардым. Жиналғандарды өзіме қаратпай, араларында елеусіз қалғаныма қуандым.

Бір кезде қасымда келісті келіншектің отырғанын байқап қалдым. Ондайда тыныш отыра алмайтынымды білесің. Көз қиығыммен қарасам, бет аузын бояған қас пен кірпігі тікірейіп, қып-қызыл жұқалтаң ерні шүртиіп, маған «қарап қал» деген кейпін танытқаныма екен, әлде айтып жатқан әңгіменің тигізген әсері ме екен, өзінен-өзі жымиып отыр.

Басқа білмесе де, сен білесің, көңіліме ұнаған әйелге делебем қозып кететінін. Мына отырған жерім көзге түсе қоймайтын, өзара сөйлескенге ыңғайлы, жақсы екен.

Ішім пысып кетті. Қасымда отырған келіншекке қарадым. Сол сәтте бір-біріміздің көзіміз түйісті. «Жақсы нышан» деп жорамалдадым. Келіншек те жымиды. Мен де езу тартып жымиған болдым.Маған да керегі осы еді. Сөзге тірек табылды.

— Сізді жалғызсыратып қойғаныма кешірім сұраймын, —дедім.

— Оқасы жоқ. Менің де келгенім жаңа, —деді ол. Кішкене қойкөзімен

жан-жағына қарағыштап.

— Таныса отырайық—Қалижан!

—Мақпал!

—Қалай тауып қойған?! Атыңызға затыңыз сай екен.

— ?!

Ебін тауып көршімнің түр-түсіне көз жүгіртіп, есте қалатындай қарадым. Қараторы келіншек әп-әдемі өңінің ұшқынын кетіріп, бояуды аямай жаққан. Қоңыр түстес қолаңшашын екі бөліп, оны өріп арқасына жіберген де, гүл аралас жібек орамалды басына тартқан. Маңдайынан орамалды сәл көтергенде байқадым, саусағының тырнақтарын қызыл күреңмен бояған. Енді бір сәт көз жүгіртіп қарасам, жаңағы келеңсіз көрген көрініс қайда кеткенін білмеймін, сұлулығын паш еткен жаратылысында бір мін жоқ. Ішке 3-4 рюмке барғанның әсері шығар, мұның алдындағы ол туралы айтқандарым айдалада қалып, көзіме хор қызындай көріне берді. Бір сөзбен айтсам, қасымдағы отырған сұлудың сұлуы!

Енді бір қарасам, алаулаған жүзі жарыққа  шағылғандай тайсақтады. Оқтаудай түп-түзу қыр мұрын да келбетіне өң беріп тұр. Сол жерде «қылығы» қандай болады екен деп, мен көріп жүрген әйелдердің біріне де ұқсата алмай, аңсарымның ауғаны. Қыз-келіншектің бәрі де қол жеткенше, арманым болған жоқ па?! Осы менің көрсеқызарлығым-ай! Бір көрмегемаған айдай сұлу болып кететіні несі екен?

Көпшіліктің ішінде екеуара бөлініп, сөйлесіп кеткен келіспейді.Танымайтын ортада әдеп сақтамасаң, тағы болмайды. Мақпал ашық екен. Сұрағыңа мүлтіксіз жауап беріп, ақкөңіл жан екенін танытты. Содан көршімнен айырылып қалатындай мазам қашты. Бір кезде ортамнан оңашаланып қалғанымды сездім.

Мақпал маған қарап:

— Аға, сізге сөз беріп жатыр,—деді.

Келіншектің жалт еткен жанары маған, жай оғына ұқсап, ішкідүниемнің ойран-асырын шығарды. Танымайтын орта деп жүрексінбедім.Сөз саптауым көршіме ұнаған болу керек. Орныма отыра беріп, көз қиығымды тастасам, маған жанарын қадап қалыпты. Мақпалға көңілім ауғаннан, отырыс ұзаққа созылып кеткенге ұқсап жалығып барам.

Әбден бойға сіңген көрсеқызарлықты қойсайшы, көршімнің тыныс алысы да  қатты әсер ете бастады. Менің жолым болғыш еді. Бұ жолы қараптан-қарап қобалжығаныма түсінбедім.

Өзім тәттіқұмар баладай,әйел көрсем көзім ойнап шыға келетін еркекпін. Бұрын арақты өліп-тірілгеніме қарамай ішкенімді білесің. Дәрі ішіпте қоя алмағанмын.

Еркекке әйелсіз өмірдің қызығы жоқ қой. Келген жұмысымды бітірсем де, Мақпалдың қасынан  кете алмай, үш күн жатып алдым.Төртінші күні самолетте отырған кезімде қуығым ауырды. Түнде де ауырған. Бірақ оған мән берген жоқ едім. Бір бәлеге жолыққанымды  сездім. Үйге соқпай, бірден уролог Досымның жұмысына бардым.

— Мынауың не? — деп, көргенде шошып кетті.

Оның шошынған даусынан тұла бойымды қорқыныш биледі.

— Түбінде осыған кезігетініңді білгенмін, —деді ол бір кезде

қабағын шытып.

—Айтсайшы, не бұл?

—Несін сұрайсың, көріп тұрған жоқсың ба?

—Жазыла ма?

—Емдеп көреміз.Бір жақсысы, дер кезінде келдің.

—Енді маған өкпелеме, сазайыңды тартасың. Мына шприцті көрдің бе? Осымен дәрі жіберемін, — деді жаңағыдан даусы жұмсарып.

Досымның қолына жармасып:

—Мынауың тым үлкен екен. Қорқынышты ғой… — дедім.

—Сен мына диагнозыңның бұданда қорқынышты екенін білмей тұрсың. Сол қорқынышты өзің сезіп тұрсың, әйтпесе, маған келмес едің. Әйелің көрсе не дейді? Үйден қуып шықпаса, маған кел! Білесің сонда, ойнастың не екенін?

—Құтқар мені, болар іс болды. Айт-айтпа, одан келер пайда жоқ.

—Әйелің бар емес пе? Кім көрінгенге баратындай, саған не көрінді?

—Кім көрінгенің не? Білесің бе, ол —филармонияда істейтін әртіс.

—Оларда адам ғой. Азғындар барлық жерде де болады.

—Бір амалын жаса. Ұятқа қалмайын…

—Ұятты ертерек ойлау керек еді. Енді кеш,—деді ол өктем үнмен.

—Әй, сен не деп кеттің? Жаңа ғана емес пе, «көреміз!»  деп сендіргенің.

—Кәне, іске кірісейік. Нәтижесін сосын білеміз.

—Мына шприц қандай қорқынышты!

—Осы дәріні жібергеннен кейін сыраны тоя ішесің, неғұрлым көп ішсең, соғұрлым жақсы болады.

—Бір өзім сыраны қалай ішем? Сол жерге бірге барайық, жүрсейші.

— Саған сырадан серік бола алмаймын. Отарбайдың үйінде қалай ішімнің өткені, есіңде шығар? Есімнен кетпейді. Ол жерде сен де болдың ғой…Содан бері мен ішпеймін.

— Не керек, жан тәтті екенін сонда білдім. Сыраны жөн-жосықсыз ішудей іштім. Қайда кетіп жатқанын білмеймін, кетіп жатыр, кетіп жатыр. Ауық-ауық сыртқа шығып келем. Он кружка ішкенім анық, одан арғысын білмеймін. Ішім тырсиып қозғалуға шамам келмей қалды. Сол күні үйге барған жоқпын.Досымның арқасында «тілеп алған» аурудан құлан таза жазылдым.

— Қалеке, бұдан былай бұ жүрісіңді қойсаңшы! Абыройлы адамсың, саған бұл жараспайды.

— Қойдым, қойдым! Уәде — осы!

— Ал енді досым, туған күнің құтты болсын! Денсаулығың зор болсын! Осымен енді тұрайық!—деді Нұрлан Қалижанның арқасынан қағып.

Тынымбай  ТӨЛЕПБАЙҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button