Ауыл

Ауылға интернет жеткізілді

Мұғалжар ауданының Ащысай ауылының тұрғындары енді интернет арқылы ақпарат алып, байланысқа шыға алады.

Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудандық бюджет қаржысына және жергілікті шаруа қожалықтарының демеушілігімен Сабындыкөл ауылына биіктігі 50 метр болатын мұнара орнатылып, сол арқылы Ащысай, Сабындыкөл мен Ақсу ауылдарын ұялы байланыспен және интернет желісімен қамту көзделген еді. Әзірге осы үш ауылдың ішінен Ащысай ауылына ұялы байланыстың базалық стансасы қондырылып, ауылға 3G интернет желісі апарылды. Базалық стансаны «Kcell» акционерлік қоғамы қондырған.

Бұл жоба еліміздегі 200-ден астам тұрғыны бар барлық ауылдарды интернетпен қамту мақсатымен қабылданған «250+» бағдарламасы аясында іске асырылды.

А.САРЫБАЙ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button