Ауыл

Талдысайға су тартыла бастады

Табиғаты атына сай Талдысай ауылында қазір 109 үй бар. Бұған дейін суды бәріне ортақ үш құдықтан тасып келіпті. Соңғы жылдары әр үй өз ауласынан метрі 7 мың теңгеден құдық қаздыра бастапты.

Жақында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында Талдысай ауылын орталықтандырылған таза ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 600 тұрғыны бар Талдысай ауылына су тарту жұмыстарын «Монолит» ЖШС жүргізіп жатыр.

— Талдысайға су тарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп отырмыз. Еңбекке биыл су тартылмайды. 2018 жылы Еңбек ауылының да су қорын тексертіп, анықтап қойғанбыз. Алдағы уақытта Елек ауылына да су құбырын жеткізу үшін жұмыстанатын боламыз, — дейді Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазыбек Аққайыр.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button