Ауыл

Ауызсу, газ құбырлары тартылып жатыр

Жуырда Аманкөл ауылдық округінің Аманкөл және Жарма елді мекендерінде «Билайн» мобильді байланысының 3G желісі іске қосылды. Сондай-ақ қазіргі таңда Құрылыс, Жаныс би, Ақши ауылдарына газ тарту жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жылдары ауданның бірқатар ауылдарына байланыс желілері жүргізіліп, интернетпен қамтылды. Осы орайда жуырда Аманкөл, Жарма ауылдарында «Билайн» мобильді  операторының 3G желісі іске қосылды. Байланыс мұнараларын орнату жұмыстары ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асырылды.

Сондай-ақ бүгінгі күні Ақши, Құрылыс және Шеңбертал ауылдарын табиғи газбен, Шеңбертал, Жаныс би елді мекендерін ауызсумен қамту мақсатында су, газ құбырларын жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда жуырда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев бастаған топ аталған ауылдарға барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Биыл Құрылыс, Шеңбертал елді мекендеріндегі ауылішілік газ құбырларының құрылыс-монтаж жұмыстары және екі ауылға тартылып жатқан тораптық ауызсу құбырының құрылысы мерзімінде аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі жауапты тұлғалардың қатаң бақылауында.

 Д.ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button