Әлеумет

1000 отбасына 18 тонна азық-түлік таратты

«Зекет және қайырымдылық» қоры республика көлемінде «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафонын ұйымдастырды.

Шараға аталған қордың облыс бойынша өкілдігі өз үлесін қосты. 1000 отбасыға 18 тонна 394 келі азық-түлік үлестіріліп, 6 миллион 632 мың 900 теңге қаражат жұмсалды.  Бұл шараға мешітке келуші жамағат пен облыстағы жомарт азаматтар демеушілік жасады. «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан игі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді. Мешіттердің ауласына жиналған жүкті еріктілер жеңіл көліктермен мұқтаж отбасылардың үйлеріне таратты.

Қайырымдылық марафоны өте жоғары деңгейде өтті. Бір ғана «Нұр Ғасыр» мешітінің өзінде 300 отбасыға 2 618 400 теңге болатын 9  тонна азық-түлік қоржындары таратылды. Осы іске қолдау білдіріп, шет қалмаған жомарт азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Ұстаған оразаларыңыз бен садақаларыңыз қабыл болсын. Бұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады, — деді «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Алмат Әли.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button