Білім

Педагогтер тәжірибе алмасты

Семинар

Өңірдегі үздік мектеп директорларының қатысуымен әдістемелік айлықтың алғашқы семинары онлайн режимінде өтті.

Жиын облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 10 жылдығына арналған «Сапалы жетістікке 10 жыл» шарасы аясында ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты — білім беру ұйымдары басшыларының жаңартылған білім беру мазмұны аясында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған жұмыс тәжірибелерімен алмасу, сапалы білімді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын ортаға салу.

Шара барысында «Білім-инновация» лицей-интернатының, сондай-ақ облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен  Білім және ғылым министрлігі қолға алған «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Басқосуда білім беру қызметінің ең басты міндеті мен мақсаттары туралы сөз қозғалып, жас ұрпақты ізгілікке, өз еліне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу бағытында жүргізілген жұмыстар пысықталды.

Ақтөбе қаласындағы мектеп-гимназиялары мен мектеп-лицейлердің директорлары тәрбие мен білім беруге байланысты  озық тәжірибелерімен бөлісті.

 

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button