Спорт

Жандос Азия чемпионатына барады

22-25 сəуір аралығында Семей қаласында самбо күресінен 2001-2002 жылы туған жастар арасында ел чемпионаты өтті.

Ақтөбе облысының атынан кілемге шыққан Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Жандос Қалабай 88 келіде біріншіліктің күміс жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар ол осы жарыста Азия чемпионатына жолдама алды.

— Жандос —  еңбекқор әрі табанды. Осы екі мінезі алдағы Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуге көмектеседі деп ойлаймын. Әрине, оған дейін  дайындығымызды әбден пысықтауымыз керек, — дейді жаттықтырушысы Әли Алтыбай.

Жандос АБАЙҰЛЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button