Спорт

«Ақтөбе» клубы — жеңімпаз

«Ақтөбе» волейбол клубы ел чемпионы атанды.

Бұл жөнінде Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласында волейболдан ерлер командалары арасындағы Жоғары лигадағы ХХІХ ел чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігінде «Ақтөбе» клубы чемпион атанды.

Екінші орында — «Жайық» (Орал қаласы) клубы, ал үшінші орынды «Динамо-Қазығұрт» (Шымкент қаласы) клубы иемденді.

Жалпы, волейболдан Жоғары лигадағы ХХІХ ел чемпионатына 9 команда қатысқан. «Ақтөбе» клубы біріншіліктің 5 туры бойынша 59 ұпай жинады. Бұл — барлық командалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Сондай-ақ 5-тур қорытындысы бойынша Бибархан Шарапов «Ақтөбе» клубының ең үздік ойыншысы атанды.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button