Day: Қазан 18, 2025

  • «Таза Қазақстан»

    Ақтөбеде алғаш рет климатқа бейім әрі сирек кездесетін тораңғы ағашы отырғызылды

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында кең ауқымды тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл өңірдің  климаттық жағдайына бейім  ағаш…

  • Мереке

    Ақтөбеде Төтенше жағдайлар қызметінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

    Ақтөбеде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Мерекелік шара барысында өңір басшысы сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, төтенше жағдай қызметінің қоғамдағы маңызы мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталды. Өңірде ТЖ саласын материалдық-техникалық тұрғыдан нығайтуға айырықша көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 37 бірлік арнайы техника мен 285 түрлі құтқару құралдары сатып алынды. Сонымен қатар, сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы да назардан тысқалған жоқ. Атап айтқанда, 2025 жылы ТЖ қызметінің 20-дан астам маманына қызметтік пәтер кілті табысталған. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері төтенше жағдайлар қызметі 838 адамды құтқарды, оның ішінде 191 бала, 3011 адамды эвакуациялады, 130 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға 1162 шығу жүзеге асырылды. 89 тұрғын үй мен ғимарат өрттен құтқарылған. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Халқымыздың амандығын және қауіпсіздігін сақтау – басты міндет әрі қастерлі парыз. Бұл – ең алдымен, құтқарушы мамандарға жүктелетін зорсенім, үлкен жауапкершілік. Құтқару қызметі – өте маңызды сала» деп айырықша атап өтті. Құтқарушы болу – ерлік пен жанқиярлықты, батылдық пен тәуекелді қажет ететін асыл мамандық. 30 жыл ішінде бұл сала үлкен жолдан өтті. Сіздер тәуліктің кез-келген сәтінде қауіп-қатерге қарамай, ел басына түскен қиындықта көмекке ұмтылып, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғап келесіздер. Сіздердің осы абыройлы да жауапты еңбектеріңіз гехалық атынан зор құрмет пен алғыс білдіремін», – деді Асхат Шахаров.…

  • Мереке

    Қауіп пен қайсарлық жолы

    Өрт сөндіруші болу — тек кәсіби мамандық емес, бұл — ерлікке бастайтын жол. Себебі бұл мамандықты таңдаған адам күн сайын…

  • Мереке

    Сынақпен шыңдалған маман

    Құтқарушы болу — жай ғана қызмет емес, үлкен жауапкершілік пен батылдықты талап ететін абыройлы міндет. Төтенше жағдайлардың алдын алып, апаттың…

  • Мереке

    Құтқарушылар отбасы

    Сапаровтар отбасында ерлі-зайыптылардың екеуі де азаматтық қорғаныс саласында көп жылдан бері қызмет етіп келеді. Облыс тұрғындарын қауіп-қатерден құтқарып жүрген бұл…

Back to top button