Жаңалықтар

Депутат 100 үйге сыйлық жіберді

Қайырымдылық

«Анвар» ЖШС  бас директоры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Талғат Салфиков Наурыз мейрамы қарсаңында ойылдық тұрғындарға құны 2 миллион теңгеден асатын азық-түлік таратты.

Мерекеге орай аз қамтылған отбасыларға 100 әлеуметтік пакет дайындалған. Оның әрқайсысында 22 мың теңге болатын азық-түлік бар. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер уақытында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға осылайша көмек ұсынған Талғатқа Ойыл халқы алғыстарын жаудырды.

— Біз оның жерлестеріне жіберген жәрдемін тізім бойынша мұқтаж жандарға үлестіріп бердік. Жүк көлігімен келген азық-түлік аудан орталығы мен ауылдық  округ тұрғындарына жеткізілді, — дейді Nur Otan партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин.

Әлеуметтік пакет аудан орталығындағы 40 үйге берілсе, әр селолық округтен 10 отбасы алды.

Тұрғындардың айтуынша, «Анвар» — облыстағы ең арзан сауда желісі. Әлеуметтік пакеттердегі азық-түлік аудандардағы дүкендердің жергілікті бағасымен есептесе, одан қымбаттау шығады. Сонда 100 үйдің әрбіріне шамамен 30 мың теңгенің табысы кірген.

Талғат Салфиковтың  жақсылығы бірінші рет емес. Туған жері үшін көмегін аямайтын ол  үнемі қомақты қаржы ұсынып, демеушілік жасап келеді. Өткен жылы Ойыл ауданының орталығынан саз мектебін салып берді.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button