Жаңалықтар

Басқарма басшысы тағайындалды

Тағайындау

Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма басшысы болып Баянбек Қырықбаев тағайындалды.

Баянбек Қырықбаев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін​ бітірген.​

Еңбек жолын 2003 жылы Батыс Қазақстан облысындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте құқықтану пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық​ ауданының әділет басқармасында​ жетекші​ маман,​ Ақжайық​ ауданының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау​ басқармасында​ бас​ маман, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жер қатынастары басқармаларында бас маман, «Ақтөбе жер ғылыми-өндірістік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнында заң, жерге орналастыру құжаттамасын бақылау және мемлекеттік жер кадастры бөлімдерінің басшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппаратында ұйымдастыру-тексеру бөлімінің бас инспекторы,​ Қобда ауданы әкімінің орынбасары болды.​

Аталмыш қызметке тағайындалғанға дейін​ ол Ақтөбе облысының әкімі​ аппаратының өңірлік даму, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button