Денсаулық

Тамақтан уланып қалмаңыз!

Наурыз мейрамында әр отбасында мерекелік дастарқан жайылады. Наурызкөже пісіріліп,астың түр-түрі әзірленеді. Әрине, бұл — дұрыс. Бірақ мереке күндері тағамнан улану дерегі жиі тіркеледі. Сондықтан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті мамандары тұрғындарды сақтанып жүруге шақырады. Ол үшін төмендегі қарапайым
кеңеске назар аударыңыз:
– тағам сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау
мерзіміне көңіл бөліңіз;
– қаптамада көрсетілген, яғни өндіруші ұсынған мерзімге дейін сақтаңыз;
– тағамды тек балғын өнімдерден дайындаңыз;
– салатқа арналған көкөністердікешкісін дайындап, салқындатып, тоңазытқышта сақтаңыз және үстелге қояр алдында 2 сағат
бұрын және мүмкіндігінше маймен араластырыңыз;
– кондитерлік өнімдерді, кремді торттарды дастарқанға алдын ала қоймаңыз, сақтау кезінде температуралық режимге мән беріңіз;
– тез бұзылатын тағам қалдықтарын уақтылы тастаңыз;
– тағам әзірлеу кезінде температуралық режимді сақтаңыз;
– жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;
– тағам дайындағанда жеке бас гигиенасына мұқият болыңыз;
Сондай-ақ ұзақ сақталатын саңырауқұлақ, қияр, қызанақ, кәді және консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет.
Себебі консерві сапасыз ыдысқа салынса немесе дұрыс қапталмаса адам өмірі үшін өте қауіпті болады. Өйткені герметикалық жабық банкадағы көкөністердегі
ауру қоздырғыштар жылан уынан 250 есе күшті токсиндер бөледі.
Бұл токсиндер ағзаға енген кезде адам ботулизм ауруына шалдығады. Ауру асқынса өледі. Егер консервінің қақпағы сәл көтерілсе немесе өнімнің сапасына қандай да бір күдік туындаса қолданбаңыз.
Кез келген жерден, яғни көшеден, базардан консерві сатып алмауға тырысыңыз. Балық және ет өнімдерін үйден дайындап сататындардан да аулақ жүріңіз.
Қазір әлеуметтік желіде торт, тоқаш, суши, салат және нан өнімдерін үйден дайындап сататындардың хабарландырулары көп.

Көпшілік оларға жиі тапсырыс береді. Себебі бағасы тиімді.
Алайда тапсырыс бермес бұрын тағамды кім, қалай дайындайды және қайда дайындалатыны туралы ойланыңыз. Адамдардың бәрі бірдей тазалықты сақтай бермейді. Тағам ешқандай санитарлық талапқа сай келмейтін жерде әзірленуі және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер пайдаланылуы мүмкін. Ыдыс-аяқтардың дұрыс жуылатынын да ешкім
бақыламайды.

Ал тағам осындай жерде әзірленсе, түрлі инфекцияны жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін.Сондықтан өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығы үшін осы айтылған кеңеске құлақ
түріңіз. Егер уланып қалған жағдайда дәрігерге хабарласу керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button