«Наурыз шуағы» мерекелік онкүндігіне арналған облыстық іс-шаралар жоспары

(14-22 наурыз)
| № | Іс-шаралар атауы | Өткізілу мерзімі | Өткізілу орны | Қысқаша сипаттамасы |
| 14 наурыз — «Жалпыұлттық бірлік мерекесі» | ||||
| 1. | Жаңа өмір, Жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу | 14.03.2021
|
Өнер орталығы
Аудандық Мәдениет үйлері |
Бұл күні жұрт бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, қолын төсіне қойып сәлемдесіп, көрісу рәсімі жасалынады |
| 2. | «Ұлттық нақыштағы көрісу» жастар челленджі | 14.03.2021 | БАҚ пен әлеуметтік желілерде | Жастар арасында қазақы дәстүрмен көрісудің (қолын төсіне қойып), амандасуды насихаттау, әлеуметтік желілерде кеңінен тарату |
| 3. | «Этно-fashion» ұлттық киімдер флешмобы | 14.03.2021 | «Керуен сити» орталығы, аудандардың Мәдениет үйлерінде | Сән үлгілерін ұйымдастырып, ұлттық стильдегі жаңа киім үлгілерін көпшілік назарына ұсына отырып, ұлттық нақыштағы киімдер киюі қажет |
| 4. | «Келіні жақсы үйдің керегесі кең» келіндер сайысы | 14.03.2021 | «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы, аудандардағы Мәдениет үйлері | Наурыз мейрамын тойлау аясында әр үйдің келіндері үлкендерге сәлем салып, батасын алып, Наурызға арнап қолдан жасалған шеберліктері мен салт-дәстүрге сәйкес өз қолөнерлерін көрсетеді |
| 5. | «Сәлем салу» келіндер челленджі | 14.03.2021 | Әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау | Жас келіндер арасында бұл дәстүрдің мәнін, жалпы үлкенге деген құрметін көрсетуді және сәлем салу арқылы сыйластықты сақтауды насихаттау |
| 6. | «Арнайы хабар»
ақпараттық-танымдық сағат |
14.03.2021 | «Ақтөбе» телеарнасы | Тақырыбы: «Наурызнама бастауы — көрісу күні»
|
| 7.
|
«Наурыз — жаңғыру нышаны»
ата-әжелер ансамблінің концерті |
14.03.2021 | Мәдениет мекемелері | Халық арасында ұмытылып бара жатқан ән-күйлерді насихаттау |
|
15 наурыз – «Жайлау күні»
|
||||
| 8. | «Жалынды жастар көктемі» жастар экологиялық акциясы
|
15.03.2021 | Облыс қала, аудан саябақтары, көшелер мен алаңдар | Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Сол себепті ұлық мерекеде жаратылысты аялау мақсатында табиғат аясында бір күн өткізу маңызды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады |
| 9. | «Көктемгі денсаулық марафоны» акциясы | 15.03.2021 | Облыс қала, аудан саябақтары, көшелер мен алаңдар | Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру деңгейін арттыру мақсатында қала, елді мекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін акциялар өткізіледі |
| 10. | «Үздік аула»,
«Үздік көше» сайысы |
15.03.2021 | БАҚ пен әлеуметтік желілерде | Елді мекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін арнайы шаралар өткізіледі
|
| 11. | «Бейбітшілік манифесі —полигон жаңғырығы» тақырыбында конференция | 15.03.2021 | «Қоғамдық» келісім ғимараты | Бейбітшілігіміз бен татулығымыздың негізін қалаған жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның бірі — 1991 жылы Семей полигонының жабылуы.
Осыған байланысты арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалады |
|
16 наурыз – Наурыз құндылығы — «Шежіре күні»
|
||||
| 12. | «Аталардың ақ батасы» бата беру жарысы | 16.03.2021 | Білім беру мекемелерінде | Аталардың оқушылар алдында бата беру жарысы
|
| 13. | «Отбасылар күні» ақ орамал акциясы | 16.03.2021 | Білім беру, мәдениет мекемелері | Анасына арнап сыйлық ретінде ақ орамал тартуы. Осылайша, ата-ана мен бала арасында сыйластық артады.
Отбасылардың дастарқан басында ұлттық киіммен отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында роликтер түсіріледі |
| 14. | «Отбасы берекесі» үздік отбасылармен кездесу
(тікелей эфир) |
16.03.2021 | «Анаға тағзым»рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы, аудандардағы Мәдениет үйлері | Үздік отбасылармен сұхбат, бағдарлама ұйымдастырылады
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысушы отбасылармен сұхбаттасу. Шара облыстық телеарнаның тікелей эфирінде өтеді |
| 15. | «Жеті атаңды білесің бе?» тәрбиелік кеші | 16.03.2021 | Білім беру ұйымдарында | «Жeтi aтa» дәcтүpiн жacтap apacындa кeңiнeн нacихaттaп, oқушылap apacындa қазақ тілі мен әдeбиeті caбaғы бoйыншa caлт-дәcтүpдeн тәрбиелік кеш өткізу |
| 16. | «Ер Едіге» –жыр мектебінің тұсаукесері
|
16.03.2021
|
Облыстық халық шығармашылық үйі | «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Дала музыкасы мен фольклорының мыңжылдығы» жобасы негізінде ата-бабалардың мыңдаған жолдардан тұратын жыр жауһарларын зерттеп, зерделеу және жыр-құнарымен сусындаған өнер ортасын қалыптастырып, қасиетті өнер иелерінің көшін жалғайтын талантты жыршыларды тәрбиелеу |
| 17. | «Асыл қазына» хабары арнайы бағдарламасы | 16.03.2021
|
«Ақтөбе» телеарнасы | Тақырыбы: «Шежіре күні».
Хабарда ұлттық тарихқа қатысты бейнесюжеттер көрсетіліп, ақпараттар айтылады |
|
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
|
||||
| 18. | «Қазақ халық ертегілері – ұлттық тәрбие бастауы» атты ертегілер фестивалі | 17.03.2021 | «Алақай» қуыршақ театрында,
аудандардағы Мәдениет үйлерінде |
Мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pух пeн тәpбиeлеуде, сондай-ақ тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру мақсатында ұлттық, тapихи, өлкетану, өнер және әcкepи музeйлepгe апару |
| 19. | «Алтын адам реконструкциясы» салтанатты тұсаукесері
|
17.03.2021
сағ.10.00.
|
Облыстық тарихи-өлкетану музейі | Темір ауданы Тасқопа I қорымы табылған материалдардың реконструкциясының салтанатты ашылуы шарасы |
| 20. | «Алтын адам реконструкциясы» көшпелі баспасөз конференциясы | 17.03.2021
сағ.10:30 |
Облыстық тарихи-өлкетану музейі | Тарихи-мәдени мұраны насихаттау ой-пікірлерімен алмасып, баспасөз қызметкерлерінің түрлі сұрақтарына жауап беру |
| 21. | «Рухани жаңғыру» — қазіргі кезеңдегі ұлттық мәдениеттің жаңа көкжиектері» дөңгелек үстелі | 17.03.2021
Уақыты 11.00 |
Облыстық тарихи-өлкетану музейі | Ақтөбе облысы аумағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуын талқылау, ұсыныс-пікір алмасу мақсатында ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен кездесу |
| 22. | «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында Ассамблея жастары арасында мемлекеттік тілде ән-жыр айту эстафета-челленджі | 17.03.2021
Уақыты 11.00 |
Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында
және онлайн форматта өтеді |
Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдері арасында кеңінен насихаттау, ынталандыру мақсатында өткізіледі |
| 23. | «Дәстүрлер жаңғырығы» этнографиялық кітап көрмелері | 17.03.2021 | Ақтөбе қаласы және аудандық кітапханаларда | Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.
Ұлттық, этноәдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету |
| 24. | «Тәуелсіздік шежіресі» ақпараттық-танымдық сағат | 17.03.2021
|
«Ақтөбе» телеарнасы | Хабарда ұлттық тарихқа қатысты бейнесюжеттер көрсетіліп, ақпараттар айтылады |
|
18 наурыз – Дархандық күні — «Игі істер күні»
|
||||
| 25. | «Наурыз-мейірім» мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық іс-шаралары | 18.03.2021 | Адрестік көмек көрсету | Наурызды тойлау апталығында аз қамтылған отбасыларды қолдауға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Дәулеті мүмкіншілік беретін адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Наурыз дастарқан» ретінде азық-түлік үлестіреді |
| 26. | «Қайырымдылық керуені» акциясының қатысушыларын марапаттау | 18.03.2021 | Ақтөбе қаласының Мәдениет үйі | Шараның мақсаты — ізгілікті насихаттап, қайырымдылық идеяларын дәріптеу.
Марапаттау шарасы кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізіп отырған тұлғалардан басқа, әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге өз үлесін қосып жүрген азаматшалардың қатысуымен өтеді |
| 27. | «Жүрек жылуы» көпбалалы аналарға және жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету акциясы | 18.03.2021 | Адрестік көмек көрсету
|
Қайырымдылық пен меценаттықтың мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі |
| 28. | «Мейірім» ақпараттық- танымдық сағаты | 18.03.2021
|
«Ақтөбе» телеарнасы | Тақырыбы: «Игі істер күні»
Қатысушылар: меценаттар, волонтерлер |
|
19 наурыз – Наурыз-думан «Шымырлық пен шеберлік күні»
|
||||
| 29. | «Асығың алшысынан түссін» асық ату, ләңгі тебу сайысы | 19.03.2021 | Спорт мекемелерінде, саябақтарда | Наурызды тойлау онкүндігінің бұл күні ұлттық спортқа арналады. Балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, жаяутартыс, садақ ату, ақсерек пен көксерек т.б. спорттық ойындар ойнауына арнайы орындар жасалады. |
| a. | «Ұлттық ойындар – халық қазынасы» спорттық ойындар күні | 19.03.2021 | Білім беру мекемелері, спорттық кешендер, кәсіпорындар мен мекемелер | |
| 30. | «Наурыз нақыштары» суретшілер көрмесі | 19.03.2021 | Облыстық тарихи-өлкетану музейі,
Өнер музейі, аудан музейлері
|
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау.
«Шeбepқoлдap» студиясында ұлттық қoлөнep, кecтe тiгу, көрпе көктеу, cурет салу, ұлттық тaғaмдapды әзipлeу.
Мұнда зергерлер, қолөнершілер өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын көрсетеді, оларды сата алады. Сонымен қатар әуестенген адамдарға қолдан бұйым жасап көруге мүмкіндік беретін арнайы құралдар, оларға бұйымның жасау жолдарын көрсететін арнайы қолөнер ұстаздары болады |
| 31. | «Алтын оймақ»
ою-өрнек фестивалі |
19.03.2021 | «Анаға тағзым»
орталығы, аудандық Мәдениет үйлері |
|
| a. | «Наурыз қоржын шашу» ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі | 19.03.2021 | Облыстық тарихи-өлкетану музейі,
«Өнер музейі», білім, мәдениет мекемелері |
|
| b. | «Береке басы- Наурыз» этнографиялық танымдық көрме | 19.03.2021 | Облыстық тарихи-өлкетану музейі
Өнер музейі, аудан музейлері |
|
| 32. | «Сергектік және денсаулық» спорттық сайысы | 19.03.2021 | Шаңғы-роллер кешені,
«Астана» паркі |
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында
Шаңғы-роллер кешенінде – шаңғыдан жарыс, «Астана» паркінің жүгіру жолында марафон-кросс |
| a. | «Қаражорға» ұлттық билер флешмобы |
20.03.2021 |
«Қазақ халқына мың тағзым» стеласы,
Аудандардың орталық алаңдарында |
Жастар арасында этномузыка, дәстүрлі, ұлттық би кештерін заманауи форматта ұйымдастыру |
| 33. | «Қайырлы таң, Ақтөбе!» ақпаратты сазды бағдарлама
Тақырыбы: «Шымырлық пен шеберлік күні» |
19.03.2021
|
«Ақтөбе» телеарнасы | Хабарда ұлттық спорт түрлері, ұлттық қолөнерге қатысты бейнесюжеттер көрсетіліп, ақпараттар айтылады |
|
20 наурыз – Наурыз шуағы — «Зияткерлік күні»
|
||||
| 34. | «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойын жарысы | 20.03.2021 | Білім беру мекемелері, спорттық кешендер, жастар орталығы кәсіпорындар мен мекемелер | Ұлттық нaқыштaғы квecт-oйындapын ұйымдастыру
|
| 35. | «Ұлттық караоке» этникалық музыкалық кештер | 20.03.2021 | Колледждерде,
мәдениет мекемелерінде |
Жастар, әсіресе өзге ұлт жастары арасында этномузыкалық кештерін заманауи форматта ұйымдастыру |
| a. | «Атадан қалған өсиет» шығармашылық сайысы
|
20.03.2021 |
Білім беру мекемелері, спорттық кешендер, жастар орталығы, кәсіпорындар мен мекемелер | Жoғapы cынып oқушылapы мен студенттер apacындa көнe әдeт-ғұpыптapды зepттeп, дaмыту мaқcaтындa oлapды қaзipгi зaмaнғa caй жaңғыpтуғa бaғыттaлғaн
ғылыми-зepттeу жұмыcтapы мeн пiкipтaлac (дeбaт) эcce, шығapмaлap caйыcын ұйымдacтыpу |
| 36. | «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» енелер мен келіндер конкурсы |
20.03.2021 |
||
| 37. | «Қазағымның қазынасы — домбыра» домбыра-пати | 20.03.2021 | «Керуен сити» ойын-сауық сауда кешені, мәдениет, білім мекемелері, ашық алаңдар | Жастар арасында «Asykparty», «Domdyraparty», «Baursakparty», этномузыка, ұлттық би кештерін заманауи форматта, этносән қойылымдарын ұйымдастыру.
Дәcтүpлi ән мен дoмбыpa тapту
Ұлттық нақыштағы күйлерді ойнатып, домбыра аспабында шеберлік сағатын ұйымдастыру, домбыра тарихынан сыр шертетін театрландырған көрініс қойылып, өңірдің домбырашыларын шараға тарту |
| 38. | «Еркетай» хабары | 20.03.2021
|
«Ақтөбе» телеарнасы | Тақырыбы: «Зияткерлік күні»
|
| 39. | «Тәрбиелі ұл- абыройлы әке» дөңгелек үстелі | 20.03.2021 | «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы | Әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.
Отбасында әкенің орнын анықтау туралы «Aдaлдық aлaңы» пiкipтaлac тoк-шoуын ұйымдacтыpу
|
|
21 наурыз – Наурыз-береке — «Ұлттық тағамдар күні»
|
||||
| 40. | «Ақ бауырсақ» мерекесі» | 21.03.2021 | Мейрамханалар мен дәмханаларда (кафе)
|
Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы ресторан, кафелердің «Ақ бауырсақ» атты қайырымдылық шарасын өткізу, бизнес – ланчтар ұйымдастыру.
Қайырымдылық есебінен ресторан мен кафе иелері халыққа наурызкөже, бауырсақ үлестіреді |
| 41. | «Шұбат-пати» және «Қымызмұрындық» этнофестивалін ұйымдастыру | 21.03.2021 | «Керуен сити»ойын-сауық сауда кешені, аудандық Мәдениет үйлері | Ұлттық тағамдарымыздың денсаулыққа пайдалары мен маңызы туралы денсаулық сақтау мамандары, диетолог және этнографтармен кездесулер ұйымдастыру.
Сондай-ақ ұлттық тағамдар туралы ақпараттық-танымдық брошюраларды халыққа кеңінен тарату, насихаттау. Мейрамханаларда бірыңғай ұлттық ас мәзірінің тізімін құру және онлайн тапсырыс беру үрдісін қалыптастыру |
| 42. | «Кәделі табақ тарту» сайысы — қонағы бар үйдің табақ тартуды үйрету мастер- класы | 21.03.2021 | Білім беру мекемелері | Қазақ халқының келген қонағына сыйлы асы – етті кәделеп ұсыну,етті мүшелеп салу, табақтарды жасауды жастарға кеңінен үйрету |
| 43. | «Ұлттық тағамдар күні» арнайы хабар | 21.03.2021 | «Ақтөбе» телеарнасы | Хабарда ұлттық тағамдардың ерекшеліктері, жасалу, сақтау жолдарына қатысты бейнесюжеттер көрсетіліп, ақпараттар айтылады |
|
22 наурыз – «Бұқара күні»
|
||||
| 44. | «Айтайық жарапазан елімізге», жастардың жарапазан айтуы
|
22.03.2021
10.00-12.00
|
Тұңғыш Президент атындағы
Орталық саябақ
Аудан саябақтары мен көпшілік жүретін алаң орталықтары |
Ұмыт бола бастаған жоралғыларды жаңғырту мақсатында салт аттармен ұлттық киім киген жігіттер мен безендірілген керуен шеруін ұйымдастырылады. Жарапазан айтып, халықты мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамына шақырады |
| 45. | «Еліме қуат бер, халқыма шуақ бер, әз Наурыз!» мерекелік шарасы | 22.03.2021
12.00-15.00 |
Өнер орталығы, аудандық
Мәдениет үйлері |
Ұлттық бірегейлікті нығайту, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсету бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Сахнада театрландырылған қойылымдар мен жергілікті қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшілікке ұсынылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және цирктердің бағдарламасы ұйымдастырылады |
| 46. | «Бастаңғы» «Алтыбақан жанында» жастар ұлттық ойындары | 22.03.2021 | «Жекпе-жек» сарайы,
аудандық Мәдениет үйлері алдында |
Қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі.
Жастар арасында заманауи форматта ойындар мен қойылымдар ұйымдастыру |
| 47. | «Төрлет, әз Наурыз!» мерекелік хабары | 22.03.2021
|
«Ақтөбе» телеарнасы | Хабарда ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы айтылып, жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы көрсетіледі |



