Білім

Аймақтық орталық ашылды

Байғанин ауданының орталығында «Ustudy» аймақтық тест орталығы ашылды.

Заман талабына сай жабдықталған ғимарат 60 адамға арналған.

Әр стол арнайы әйнектермен бөлініп, бейнекамера орнатылған.

Орталық басшысы Нұрбек Әжімұраттың айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу

орталығы кезінде бұл орталықта аудан оқушыларымен қатар, көршілес Темір, Ойыл, Атырау облысының Қызылқоға аудандарының оқушылары да сынақ тапсырады. Сондай-ақ мұнда білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, медицина саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, т.б. қызметкерлер біліктілік және басқа да емтихандарды тапсырады.

Орталықта әзірге 3 маман жұмыспен қамтылған.

 Г.КЕТЕБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button