«Ердің сойы — Исатай»
1836-1838 жылдардағыұлт-азаттықкөтерілістіңбасшысы Исатай батыр Тайманұлыныңтуғанына 230 жыл толды. Осыған орайоблыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ердің сойы — Исатай» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға ҚР Мәдениет қайраткері, «Исатай батыр» қоғамдық қорының төрағасы Еркін Құрманбек, өлкетанушылар, музей және архив қызметкерлері, студенттер, сондай-ақ онлайн форматында тарихшы ғалым, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Амангелді Шамғоновқатысты.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали өзінің сөзінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы шеңберінде өлкемізде, облыс әкімдігінің қолдауымен, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен бірлесіп кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, осы зерттеулер аясындағы биылғы жоспарлар жөнінде айтты. «Исатай батыр» қоғамдық қорының төрағасы Еркін Құрманбек Исатай Тайманұлының өмір жолы, ерлік істері мен ел есінде қалған естеліктер туралы сөз қозғап,өзінің жеке архивінде жинақталғанматериалдарды музей қорына табыстады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Амангелді Шамғонов батырдың ұрпақтары туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ жиында қобдалық өлкетанушы Жауғашты Жұмағалиев, облыстық музейдің Қобда аудандық бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Ерғалиева,тарихшы Думан Сарыбаев, музейдің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміров сөз сөйлеп, Исатай батыр бастаған көтерілістің зерттелуі, батырдың есімін ұлықтау мақсатымен жасалып жатқан шараларға тоқталды.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.