Ауыл

Шәмші музейі ашылды

Желтау ауылдық округінде қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей ашылды.

Кешті Желтау ауылдық округінің әкімі Азамат Рзагулов салтанатты түрде ашып, ақ тілегін арнады.

Бұл шараға композитордың артында қалған мол мұрасын насихаттауда ерінбей еңбек етіп жүрген Қайырғали Арыстанғалиев те қатысып, игілікті істің орындалуына өз үлесін қосты. Ауыл тұрғындары мен қонақтар мұражайды аралап көрген соң,  көркемөнерпаздар әзірлеген концертті тамашалады. Шара барысында демеушілер ауыл тұрғындарына, клуб қызметкерлеріне алғыс білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

Мерекелік кеш «Назар» жас бишілер тобының ұлттық билері мен клуб меңгерушісі Ғалия Ақмамбетованың баянмен орындауындағы Шәмшінің әсем әндеріне ұласты.

Б.ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button