Ауыл

Қаракемерде байланыс бар

Ойыл селолық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде «Beeline» ұялы байланыс желісі іске қосылды.

Бұл мәселе бұған дейін аудан әкімінің есептік кездесулерінде жиі көтерілген еді. Ойыл селолық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен құны 1 миллион 500 мың теңге болатын  24 метрлік мұнара орнатылған. Қаракемерліктер енді ұялы телефонмен кез-келген жерден сөйлесе алады.

Қондырғының толқыны 25-30 шақырымға дейін қамтиды. Сонымен қатар қосымша Теле2, KceIl ұялы байланыс желілері тартылмақ. Сол кезде интернет мәселесі толық шешіледі, — дейді округ әкімі.

Аудан орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан Қаракемерде 332 адам тұрады. Айта кетейік, Ойыл ауданында Бестамақ, Қарасу, Ақкемер елді мекендерінен басқа ауылдарда ұялы байланыс пен интернет мәселесі шешіліп болды. Ал аталған үш ауылға биыл орнатылатын болады.

 Самат ЕСЕНҚҰЛ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button