Жаңалықтар

«Мәртөк ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы»Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 қаңтарындағы №ПГСВ-3 қаулысының күшін жою туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

24.02.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Мәртөк ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу

жөніндегі шараларды күшейту туралы»Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 қаңтарындағы №ПГСВ-3 қаулысының күшін жою туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 тармағын, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысының 2 тармағы 22) тармағын (08.02.2021 ж. арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды аудандар бөлінісінде бағалау матрицасына сәйкес Мәртөк ауданы жасыл аймаққа кіруіне байланысты)басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Мәртөк ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 қаңтарындағы №ПГСВ-3 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                      Н.А. Беркимбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button