Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

23.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар – 6 (Ақтөбе қаласы – 6),  симптомсыз – 3 (Ақтөбе қаласы – 2, Мәртөк ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4200 жағдай тіркелді, оның ішінде50,9%-ы ауру белгілерімен (2138) және 49%-ы симптомсыз (2062) жағдай. 3992 (95%) науқас жазылып шықты.

Ақтөбе қаласында – 2994 жағдай, оның ішінде (1292 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 112 (83), Байғанин – 59(35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 164(72), Мұғалжар – 209 (152), Темір – 199 (162), Ойыл – 28 (11), Хромтау – 149(72), Шалқар ауданы – 131 (74).

Жалпы тіркелген 4200 науқастың 3,5% (148) сырттан әкелінген, 16,1% (679) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,3% (3373) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,7% (1105) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 692 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button